Бейбіт атом қауіпті емес!

АЭС құрылысы бойынша референдум қарсаңында азаматтарда нысанның қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар жиі туындайды. Бұл ретте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері қазіргі атом электр станцияларының бірнеше қорғаныс деңгейімен жабдықталғанын және қауіп төндірмейтінін түсіндіруде.

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен өткен кездесуде АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшелері Төрежанов Б.С. және Нұржанов А.С. аудиторияға бұл стратегиялық нысанның елімізге қаншалықты қажет екенін баяндады.

1

– Қазақстан Республикасында АЭС салу – энергия тапшылығына байланысты қолға алынған шара. ОЛ зиянсыз «жасыл» энергетика қатарына жатады және қоршаған ортаны ластамайды. Әрине, бұл ретте «АЭС адам өміріне қауіпті емес пе?» деген сұрақ мазалайды. Бүгінде заманауи ядролық реакторлар әлемнің 130 елінде жұмыс істеп тұр және ешқайсысында төтенше жағдай болған жоқ», - деді спикер.

Сөз соңында спикерлер азаматтарды 6 қазанда өтетін референдумға қатысуға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy