Қазақстан Халық партиясының бастамасымен өңірлерде «Дара Тұлға» акциясы жалғасуда. Мәдени-ағартушылық сипатқа ие акция аясында спортшылардың, ғалымдардың және басқа да атақты азаматтардың қатысуымен іс-шаралар, сондай-ақ мұражай экскурсиялары, кітапханаларға бару, әдеби кештер және т.б. жоспарланған.
ҚХП Шымкент қалалық филиалының басшылығы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің еңбек ұжымы, магистранттары мен студенттері үшін еңбек сіңірген педагог, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» ҚБ Шымкент және Түркістан қалалық филиалдарының басшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілі Баян Жандосовамен кездесу ұйымдастырды.
Қоғам белсендісін Шымкентте ғана емес, өзге өңірлерде де жақсы біледі. Оның қолдауының арқасында бірнеше жыл бұрын қалада 18-35 жас аралығындағы мүгедектерді оңалтуға арналған бірегей орталық ашылды. Сондай-ақ, ол қиын жағдайға тап болған отбасыларды қорғау бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Баян Жандосованың өмір жолы ауқымды жұмыстың отбасы бақытына кедергі келтірмейтінінің жарқын көрінісі бола алады. Белсенді жанның көпбалалы отбасысы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында 1-орынға ие болды. Сондықтан да, талқылаудың маңызды бөлігі «отбасылық құндылықтар - мемлекет өркендеуінің негізі» деген тақырып төңірегінде болды.