Билік пен халық арасындағы кері байланыс «Еститін мемлекетке» мүмкіндік береді

dep.jpg Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан өңірлерге жасаған жұмыс сапарын қорытындылады. Мәжілісмен Ақтөбе, Атырау облыстарын және бірқатар елдімекендерді аралап, 10 күн бойы сайлаушылармен кездесті.

Кенжеғұл Сейітжан сапары сәтті әрі мазмұнды болды деп санайды.

– Күн сайын 7-8 іс-шараға қатыстық, – деді парламентарий. – Біз мүгедектігі бар адамдармен, қарапайым азаматтармен, кәсіпкерлермен, бюджет және әкімдік қызметкерлерімен кездестік. Алдағы заң шығару жұмысына көп материал жинадық.

Депутат сайлаушыларға ҚХП фракциясының қызметін, партияның бағдарламасын таныстырып, азаматтардың өтініштерін қабылдады.

– Заңнамада нені өзгерту қажет екені белгілі болып қалды, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейітжан. – Көптеген адамдар жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодекске шағымданды. Мүгедектігі бар адамдар ғана емес, көпбалалы отбасылар мен Қарулы күштердің зейнеткерлері де қабылданған құжатқа қарсы пікірлерін білдірді.

Қазақстандықтар Экологиялық кодекстің де бірқатар нормаларын сынға алды. Жабайы полигондар мен кәсіпорындардан шығатын қалдықтар табиғатқа кері әсерін тигізіп жатқанын жариялады. Мәселені шешу үшін заңнамалық нормаларға түзету мен өзгеріс енгізуді ұсынды.

– Алдағы сессияда біз түрлі заңнамалық және заңға тәуелді актілерге өзгеріс пен толықтыру енгіземіз, – деді ҚХП депутаты.

Мәжілісмен жұмыс сапары пайдалы әрі қажет екенін айтты. Оның сөзінше, билік пен халық арасындағы кері байланыс қана «Еститін мемлекеттің» бастамасын баянды етеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy