Білім берудегі теңсіздік...

dep.jpg

Түркістанның рухани-тарихи астана ретіндегі ерекше мәртебесі, өкінішке орай, халықтың сапалы білім алуына кепіл болмайды. Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова өңірде білім сапасын арттыруға шақырды.

Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Смирнова Түркістан облысы білім беру бойынша антирейтинте көш бастап тұрғанын және PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстанда ең соңғы орында екенін атап өтті. Ал сауатсыздық пен надандық тарихи-мәдени орталық мәртебесіне жараспайды.

«Бұл өңірдегі білім саласына назар аудармайтын болсаңыз, ниетіңіз тек ниет болып қала береді», - деп түсіндірді мәжілісмен Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа. – Мемлекет қаржысын қажет емес бағытқа жұмсап жатырсыздар.

Вице-премьер бұл шағымды Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдауды жөн санады.

«Біз бұл сұрақты осы құзырлы органға тағы да қоюға дайынбыз», - деп атап өтті Байбазаров. – Екінші оқылымда олар білім беру процесі бойынша аймақтар арасындағы теңсіздікті қалай жоюға болатынын айтып берсін.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy