Білім гранттарын тағайындаудың жаңа жүйесін әзірлеу ұсынылды

dep.jpg

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қазіргі Қазақстанның жалпы саясатына қайшы келеді. Бұл туралы ҚХП депутаты, «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау қажеттігін атап өтсе, Үкімет болашақ бакалавриат студенттері үшін тым аз грант бөліп отыр (түлектердің жалпы санының 40%-ға жуығы).

Мәжілісмен, 2022 жылы 61 мың грант бөлінгенін, ал Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша түлектердің саны 161 мыңнан астам адамды құрағанын атап өтті. 2023 жылы 168 мыңнан астам түлек үшін 73 мың грант бөлінді. Биылғы жылы болжам бұдан да нашар. Ол колледж түлектерін қоспағанда, әлеуетті үміткерлердің жалпы санының 36% ғана құрайды.

«Сонымен қатар, білім грантын Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша бекіту туралы қолданыстағы жүйе біздіңше мүлде әділ емес», - деді Ислам Сұңқар.

Былтыр 172 мың оқушы 11-сыныпты бітірсе, білім беру тапсырысы бойынша байқауға 104 мың адам қатысқан. Алайда, байқау қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам мектеп түлегі (тіпті 100 және одан да көп балл жинағандар да) грантқа ие бола алмай қалды.

– Жасыратыны жоқ, бүгінде жоғары сынып оқушылары үшін ҰБТ және грант алу өмірдегі ең басты факторлардың біріне айналған, - деді депутат.

Қалыптасқан жағдайға сүйене отырып, ҚХП білім беру тапсырыстарының көлемін ұлғайтуды және барлық мамандық бойынша ҰБТ-дан алған баллдарына байланысты оқу ақысының 30, 50 және 70% төлеуге болатын дифференциалды гранттар жүйесін енгізуді ұсынады.

«Сонымен қатар білім беру несиелерінің шарттарын қайта қарау қажет», - деді мәжілісмен. Оның айтуынша, бөлінген сома білім беру ұйымдарындағы оқу құнына сәйкес келмейді, ал несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары. – Осыған байланысты, Үкіметке екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен және 10 миллион теңгеге дейінгі несие лимитімен жаңа білім беру кредиттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy