Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова сыбайлас жемқорлықпен күресті оқу орындарынан бастау керек деген пікірде. Жалпы отырыстағы ҚР заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылау барысында Мәжіліс депутаты осыны тағы да баса айтты.
«Барлық оқу орындары онда жұмыс істейтіндердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен таза болуы тиіс», - деді ол.
Өкінішке қарай, бұл оңай жүзеге асатын дүние емес. Ирина Смирнова нақты мысал келтіріп өтті: былтыр магистрант, зерттеуші оқытушы және т.б. мәртебесін арттыру үшін аттестациядан өту кезінде нәтижелерді сатып алған 800 мұғалім анықталды. Мұны жүзеге асыруға көмектескендерді құқық қорғау органдары анықтады, алайда ол мұғалімдер өз жұмысын жалғастырып жатыр.
– Меніңше, барлық ұстаздар, білім беру мекемелерінің барлық қызметкері ешбір жағдайда сыбайлас жемқорлық әрекеттерге араласпауы керек! – дейді ҚХП депутаты.
Ол бұл мәселені қайта қарап, ол мұғалімдердің қазір қайда екенін және олар лайықты жазасын алды ма, жоқ па, соны анықтауды ұсынды.
Жалпы, мәжілісмен жаңа заңнамалық нормаларды қолдайды. Ол сыбайлас жемқорлық қазір айналаның бәрін бүлдіріп жатқанын атап өтті. Соның салдарынан сапасыз жолдар, салынбаған дәрігерлік амбулаториялар, құлаған мектептер, тыйым салынған аумақтардағы заңсыз құрылыстар және т.б. келеңсіздіктер болып жатыр. Енді бұған тосқауыл қойылады.
«Көбіне белгілі бір ұйымдағы тендерді жеңіп алған компания сонда жұмыс істейтін шенеунікпен тығыз байланысты болып шығады. Енді аффирлік мәселесі зерттеліп, ескерілетін болады! Пара беру немесе алуға қатысты кез келген әрекет енді қылмыстық құқық бұзушылыққа айналады. Заң жобасы басқа да көптеген мәселелерді шешеді! Бұл бізге көп нәрсені өзгертуге мүмкіндік береді!», - деді депутат.