Бір баланы күніне 477 теңгемен қалай асырауға болады?

dep.jpg

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашева Қазақстандағы кедейліктің өсу мәселелерін тағы да көтерді.

– Бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына нақты мақсаттар қойған болатын: «халықтың әл-ауқатын арттыру және табысын арттыру - біздің басты міндетіміз», - деп еске салды мәжілісмен. - Бірақ Қазақстанның басты әлеуметтік проблемаларының бірі - бұл бұрынғысынша кедейліктің жоғары деңгейі болып отыр.

Депутат өткен жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар саны рекордтық 1,1 миллион адамға жеткенін атап өтті.

– Біз көпбалалы отбасылардың толық қамтамасыз етілмей отырғанына немқұрайлы қарай алмаймыз, - деді Танашева. - Биыл 1 балаға берілетін жәрдемақы көлемі артты. Шын мәнінде бар болғаны 970 теңге қосылды! Айтыңызшы, бір баланы күніне бөлінген 477 теңгемен асырауға бола ма?

Депутат Қазақстанда халықтың несиелендірілуі үнемі өсіп келе жатқанын еске салды. Ал тұрмысы төмен адамдар азық-түліктің өзін тұтынушылық несиемен алатын жағдайға жеткен дәл қазіргі қоғам өмірі елдегі әлеуметтік қорғау жүйесінің автоматты түрде реформаға мұқтаж екенін көрсетеді.

Депутаттық сауалды аяқтай келе, Гаухар Танашева атаулы әлеуметтік көмекті әрбір балаға бірыңғай жәрдемақы енгізуге ауыстыруды, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік қолдау тетіктерін қайта қарау үшін нақты қадамдар жасауды ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy