Бірігіп қолдау көрсетейік!

Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері партиядан Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тейгран Аллавердиевтің қабылдауында болды. Олар кандидатпен, оның командасымен және сенімді өкілдерімен кездесті.

1

Кездесу барысында партия мүшелері ҚХП кандидатының сайлауалды науқанының алдағы стратегиясын қарастырып, штаб құруға кірісті, сондай-ақ алдағы ақпараттық жұмыс үшін сенімді өкілдер мен агитаторларға партия бағдарламасын түсіндірді. Одан бөлек, партия өкілінің командасы халықпен кездесулер өткізуге және үгіт-насихат материалдарын орналастыруға дайындалды.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy