Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Азия чемпионы атанды. Антон Лаврентьевпен тандемде олар тас жолдағы велоспорттан XI Азия чемпионатының паравелосайысында алтын медаль жеңіп алды (16 км қашықтыққа жеке жарыс).
Мұндай жарыстар Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. 5-12 маусым аралығында Алматы Азия велоспорты конфедерациясының құрамына кіретін әлемнің 27 елінен 500-ге жуық спортшыны қабылдайды. Ауқымды шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Sport Qory» спортты қолдау қоры және «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ.
6 маусым күнгі жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық паравелошабандоздар барлық орындарға ие болды: 1-орынды Антон Лаврентьев (ұшқыш) - Кенжегүл Сейтжан (стокер); 2 орынды Дэвид Кусаков (ұшқыш) - Александр Малыгин (стокер); 3-орынды Мақсат Нұрпейісов (ұшқыш) - Дастан Талим (стокер) иеленді.
– Мен үшін бұл маңызды сәт, - деді марапаттау қорытындысы бойынша Кенжеғұл Сейітжан. - Біріншіден, бұл паралимпиадалық ойындарға лицензия алу, екіншіден - өз арманыңды жүзеге асыру мүмкіндігі. Мен үш жыл бойы алтын туралы армандадым!
Спортшы тандем ұшқышы Антон Лаврентьевке, сондай-ақ велошабандоздарды даярлауға көп уақыт пен күш жұмсаған жаттықтырушылар Николай Зайцевке, Павел Артюшенкоға және Кирилл Казанцевке жеңіске жеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.
– Жалпы, мен қолдау көрсеткені мен жанқиярлық еңбегі үшін, жеңіске деген ұмтылысы үшін біздің паравелоспорт командасына өте ризамын, - деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.