Бірлік пен келісім – Қазақстан дамуының тірегі

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың отызжылдығы» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде мәжілісмен «Қазақстандық бірлік және этносаралық келісім моделі» тақырыбында баяндама жасап, Ассамблеяның қазақстандық қоғам алдындағы айрықша рөлін атап өтті. Ол еліміздегі бірлік пен келісімді Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен жетістігі деп бағалады.

1

– Біздің тұрақты дамудың жалғыз берік негізі – бейбітшілік пен тұрақтылық саясатын жүйелі түрде жүргізу, – деп атап өтті депутат. – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бірлікті таңдауымыздың дұрыстығын өмірдің өзі сан мәрте дәлелдеді.

Магеррамовтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында халықтың күш-жігерін біріктіру, экономиканың интернационализациясы және қоғамдық өмірдің жан-жақты дамуы Қазақстанға қарқынды дамуға мүмкіндік берді. Елдің бастан өткерген дағдарыстарына қарамастан, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ уақыт сынынан сүрінбей өтіп, бүгінде мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарты болып қала береді.

3

– Біз Еуразия кеңістігінде болған қайғылы оқиғалардан ұлтаралық қатынастар шиеленіскен жағдайда қандай күрделі түйткілдердің туындайтынын көріп отырмыз, – деп еске салды мәжілісмен. – Сондықтан Қазақстан қоғамының бірлігін сақтап, нығайту – еліміздің ілгерілеуі мен гүлденуінің негізгі кепілі.

Қазақстан – бірлік пен этносаралық келісімнің ерекше үлгісі. Бұл – 130-дан астам этнос пен түрлі конфессия өкілдері үшін ортақ шаңырақ. Елдің көпэтностылығы – дамудың қуатты қайнар көзі әрі халықтардың өзара рухани байланысының негізі. Қазақстанда тұратын барлық этностар өздерінің ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтау мен дамыту үшін мол мүмкіндікке ие.

2

– Бұл жетістіктер мемлекетіміздің көреген саясаты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды. ҚХА этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған заңнамалық бастамаларға белсене қатысып келеді, – деді Магерамов.

Өз сөзін қорытындылай келе, мәжілісмен Қазақстанда әрдайым бейбітшілік, бірлік пен өркендеу үстемдік етсін деген тілегін білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy