Біз халықпен біргеміз!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының өңірлік филиалдары су тасқынына қарсы күресте алдыңғы қатарда тұр. Партиялықтар су тасқынына қарсы тосқауылдарды тұрғызуға және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысуда, сондай-ақ зардап шеккен халыққа көмек ретінде гуманитарлық көмек пен қаржы жинауды ұйымдастыруда.

ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы алғашқы күннен бастап партияның жастар және әйелдер қанатын көмекке шақырды. Олармен бірге мәслихат депутаттары мен азаматтық белсенділер жұмыс істейді. СҚО партиялық филиалы су тасқынына қарсы дайындық іс-шараларымен айналысып жатыр, өйткені, өңірде су тасқынының шарықтау шыңы әлі өткен жоқ және болжам бойынша мұнда жаңа су басулар болуы әбден мүмкін. Ақмола облысындағы жағдай да осындай. ҚХП Атырау ОФ белсенділері Жылыой ауданында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда.

– Партияластарымыздың жұмысы біздің күшіміздің - бірлікте екенін айқын көрсетеді, - деп атап өтті филиалда.

Қостанай облысында айтарлықтай күрделі жағдай қалыптасты. Қалада ТЖ режимі жарияланды, ондаған көшелерді, теннис орталығын және триатлон паркін су басты.

– Қаланың төңірегінде ауқымды су тасқыны жүріп жатыр, - деп хабарлайды Қостанай филиалының өкілдері. - Тобыл өзенінен өтетін екі көпірді су басты. Енді Қостанай мен Тобыл қалаларын тек бір ғана көпір, соңғы көпір жалғап тұр. Мамандар су өткізу үшін құбырлар орнатып жатыр.

ҚХП Қостанай ОФ зардап шеккендерге көмек жинауды ұйымдастырды. Гигиена құралдары, тамақ өнімдері, жылы заттар және басқа да қажетті тауарлар сатып алынды. Бұл көмек жартылай су басқан Арқалыққа жіберілді.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров да зардап шеккен аймақтарға ЖЖМ, бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек пен аяқ киімдердент құралған гуманитарлық көмек жіберді. ҚХП Ақтөбе филиалында су тасқыны кезінде мүлкін жоғалтқан мұқтаждар үшін көмек жинау ұйымдастырылды. Жағдай неғұрлым тұрақты басқа өңірлерде де ҚХП филиалдарының басшылары су тасқыны мәселесін бақылауда ұстайды.

Табиғи апатпен күрес жалғасуда! Қазақстан Халық партиясы алдағы уақытта да халыққа көмек көрсетуін жалғастыра бермек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy