Біз немен тыныстайтынымызды көріп отырмыз!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Илья Мухортов Павлодар облысы тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін көтерді. Басты тақырып атмосфералық ауаның жай-күйі, өнеркәсіптік шығарындылардың өсуі және сол сияқты мәселелер туралы болып отыр.

Илья Мухортов депутаттық сауалында атап өткендей, Павлодар облысы жоғары техногендік ластануға ұшыраған. Өңірде энергетика, қара және түсті металлургия, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі нысандары жұмыс істейді. Облыс орталығындағы ауа сапасы айрықша алаңдатады.

"Өткен қаңтар айында Павлодарда қоршаған ортаның ластануының жоғары деңгейі байқалды. - деп атап өтті партия мүшесі өз хатында. – Бұл сөзіміздің растығын ауа сапасының индексінің көрсеткіштері, сондай-ақ қалалықтардың көптеген шағымдары мен өтініштері айғақтайды. Сізден өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде жедел нақты шаралар қабылдауыңызды сұраймын... "

Мұхортов шенеуніктерді халықтың денсаулығына қауіп төндіретін мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды. Атап айтқанда, мониторингтік топқа ҚХП өкілдерін қоса отырып, бірқатар мониторингтер жүргізу. Депутаттық сауал Павлодар облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековке жолданды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy