Біздің күшіміз - бірлікте!

Қазақстан Халық партиясы «Халықпен бірге 20 жыл!» атты жаңа акция бастады. Акция ҚХП-ның 20 жылдығына арналған. Оның аясында алқалы жиындар, есеп беру жиналыстары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы 20 жылдық жұмысын қорытындылау үшін Конференция форматын таңдады. Филиал төрағасы Ерғали Жұмағұлов жеке баяндама жасады. Сондай-ақ, жиналыс барысында елдің саяси бағытының тұжырымдамалық негіздері талқыланды, ал «диалог алаңы» процесінде өңірдің қоғамдық пікір көшбасшылары Әділетті Қазақстанды құру жолындағы қоғамды шоғырландырудың негізгі бағыттары туралы айтты. Конференция жұмысына саяси партиялардың өңірлік филиалдарының, ҮЕҰ, СҚО Ардагерлер кеңесінің басшылары, белсенділер, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары және журналистер қатысты.

1

2

ҚХП Қарағанды облыстық филиалында да партияның 20 жылдағы негізгі жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары талқыланды. Іс-шара мерекелік сипатта өтті. Партия белсенділері мен ардагерлері салтанатты түрде Алғыс хаттармен марапатталды.

3

4

5

6

Партияның мерейтойына арналған есеп беру жиналысы Ақмола облысында да өткізілді. ҚХП жергілікті филиалының өкілдері оған қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарын, Қоғамдық кеңестердің мүшелері мен азаматтық белсенділерді шақырды. Облыстық филиал төрағасының міндетін атқарушы Арман Тастамбеков баршаны ҚХП мерейтойымен құттықтап, партияның мемлекеттің дамуы мен халықтың мүддесін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

7

8

– Бүгін біз партиямыздың 20 жылдығын атап өтіп қана қоймай, осы жылдар бойы ел игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген азамтарға құрмет көрсетеміз, - деп мәлімдеді Тастамбеков. - Біздің күшіміз бірлік пен партиялық идеалдарымызға деген адалдықта! Алда бізді жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр!

9


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy