Болашақ заңгерлер ҚР Парламентіне келді

Maqsut Narikbayev University студенттері ҚР Парламенті Мәжілісін аралап көрді. Экскурсия барысында болашақ заңгерлер парламенттік жұмыс тобының отырысына қатысып, заң жобаларымен жұмыс істеу процесін өз көздерімен көрді, сонымен қатар мәжіліс залдары мен кітапханаға барды.

Жұмыс тобының отырысында депутаттар Қазақстан Халық партиясының бастамасымен адвокатура және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады.

1

ҚХП фракциясының жетекшісі, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, студенттер университет қабырғасында заң жобаларын талқылауға әбден машықтанған. Ал, бүл экскурссия заң шығару тетіктерін тереңірек түсінуге барынша мүмкіндік береді.

2

Өз тарапынан жастар Мәжіліс регламентіне, оның жұмыс жоспарына, сондай-ақ парламенттік кітапхананың техникалық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

3

Студенттердің ынтасы осындай пайдалы және танымдық іс – шараларды тұрақты негізде ұйымдастыруға ұйытқы болады дейді парламент өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy