Брайль Конституциясы

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Конституциялық Соттың төрайымы Эльвира Әзімовамен кездесті.

Кездесу өте жемісті болды. Қатысушылар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарды ел заңнамасының нормалары туралы ақпараттандыру мәселелерін талқылады.

– Қазір Конституциялық сот ҚР Конституциясын Брайль қарпімен 20 мың дана етіп басып шығару үшін материалдар дайындап жатыр, - деді кездесудің қорытындысы бойынша Кенжеғұл Сейтжан. - Маған бұл жобаның таныстырушысы болуды ұсынды.

Бұл кітаптар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған мектептерге, интернаттар мен кітапханаларға жіберіледі.

– Бұл мүгедектігі бар адамдар (МБА) құқығын қорғаудың тағы бір қадамы ғана емес, - деп түйіндеді ҚХП депутаты, - бұл біздің қоғамда қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдауға дайын адамдар мен құрылымдардың бар екенінің жарқын үлгісі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy