Қазақстан Халық партиясы «Халық Аманаты» партиялық жобасы аясында жастармен жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Партия мүшелері жаңа ұрпақты қолдауға бағытталған ақпараттық, ағартушылық, спорттық және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда.
Мысалы, Павлодар облыстық филиалының өкілдері жергілікті Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірге есту қабілеті нашар балалар оқитын №1 мектеп-интернатына барды. Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Павлодар облыстық филиалының төрағасының орынбасары Әлімбек Әгибаев, Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басты маманы Айнұр Кожахметова балаларға өз құқықтары мен оларға және олардың ата-аналарына берілетін жеңілдіктерді түсіндіріп, сұхбат өткізді. Сонымен қатар, олар буллингті қалай тануға және оған қарсы тұруға болатынын, сондай-ақ құмар ойындармен байланысты қауіпті жағдайларды айтып берді. Интернаттың педагогы Айсан Қажыкенова сурдоаударма жасады.
– Біз осындай кездесулер жасөспірімдердің маңызды әлеуметтік мәселелер туралы ақпараттануын арттырып, олардың өзін-өзі қорғау дағдыларын нығайтуға және сыни ойлау қабілетін дамытуға көмектесетініне сенімдіміз, – деді ҚХП белсенділері.
Алматы қалалық филиалы ҚХП мотокросс бойынша Алматы облысы Кубогінің 2-ші кезеңінің ұйымдастырушыларына көмек көрсетті. Сайыс ҚР Автомотоспорты федерациясы және Алматы қаласының әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушылар жеке және командалық есепте, балалар мен ересектер санаттарында сайысқа түсті. Сондай-ақ, қыздар үшін арнайы жарыстар өткізілді. Жарыстың финалы тартысты әрі қызықты өтті, ол көрермендер мен жанкүйерлер арасында ерекше әсер қалдырды.
– Сайыстың негізгі мақсаты – жастар арасында бұқаралық дене шынықтыруды, техникалық спорт түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа жас спортшылардан бастап тәжірибелі азаматтарға дейін әртүрлі жастағы қатысушылар қатысты, - деді партиялықтар.
Алматы қалалық филиалы Қазақстан Халық партиясы жастарды дамытуға, спортты және белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды қолдауды жалғастыруды жоспарлап отыр.
– Салауатты және күшті ұлт – біздің ортақ басымдығымыз! – деп қорытындылады партия мүшелері.