Кооперативтердің әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары – Магеррам Магеррамов

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының фракциясы Парламентаризм институтымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы кооперативтер туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Жобаның мақсаты – кооперативтердің қызметін толыққанды реттейтін кешенді құқықтық негіз жасау.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов кооперативтік қозғалыстың адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.

– Дүние жүзінде кооперативтердің тиімді жұмыс істейтін көптеген мысалдары бар. Біз ойымызша, егер қоғамда мұндай қажеттілік болса, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдарды қалыптастыруға қолдау көрсету қажет, - деді депутат.

Магеррамовтың пікірінше, кооператорлар өндіріс пен өңдеу саласында, тұрғын үй құрылысында, қызмет көрсету саласында және басқа да секторларда өз орынын таба алады. Яғни, кооперативтер экономиканың әртүрлі саласында кең таралуы мүмкін. Дегенмен, бұл үшін нақты әрі конструктивті заңнамалық база қажет.

– Біз кооперативтердің болашағының толық айқын болуын қолдаймыз, – деп түсіндірді депутат.

Сонымен қатар, жаңартылған кооперативтерді елдің қолданыстағы экономикалық жүйесіне тиімді енгізу қажет. Қазақстан экономикасы да табысқа жету үшін өзгеруі тиіс: тиімді, икемді, ірі, орта және шағын бизнестің мүдделерін үйлестіретін, құрылымдық және инвестициялық саясатты сапалы әрі уақтылы жүргізуге қабілетті болуы керек. Бұл бизнес-идеяларға жол ашып, экономиканың әр саласында сапа мен тиімділікті қамтамасыз етеді.

– Бір сөзбен айтқанда, экономиканы басқару «Жаңа Қазақстанның» талаптарына сай болуы керек. Қысқа мерзім ішінде қазақстандықтар Үкіметтің халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған күш-жігерінің нәтижесін сезінуі тиіс, - деді Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy