Бұқаралық мәдениеттің құндылығы!

Қазақстан Халық партиясының парламентегі фракциясының өкілдері халықпен кездесу үшін өңірлерге аттанды. Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Кенжеғұл Сейтжан Мәжіліс депутаты ғана емес, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығы жөніндегі уәкілі. Ол алдымен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігіне барды. Кездесу өте нәтижелі өтті. Бірлестік өкілдері зағип және көзі нашар көретін жандарды жұмысқа орналастыруға қатысты жаңа жобалары және идеяларымен бөлісті, депутат оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

1

Одан бөлек, Сейтжан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің еңбек ұжымымен жүздесті. Мәжіліс депутаты бұған дейін құтқару қызметін материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдаған болатын.

– Барлық қатысушыларға белсенді пікірі және сыни көзқарасы үшін алғыс айтқым келеді, - деді депутат іс-шараны қорытындылаған кезде. – Біз бірге ТЖ қызметінің жұмысын жақсартып, сол арқылы өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыра аламыз.

Абай орталығында Кенжеғұл Сейтжан облыс жастарымен кездесу өткізіп, өңірдегі түрлі проблемалар туралы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы секторына қатысты мәселелерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар, депутат «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ –нің жергілікті филиалында және зағип және көзі нашар көретіндерге арналған облыстық арнайы кітапханада болды.

3

– Біз мәдени ресурстардың қолжетімділігі мен ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдауға қатысты маңызды мәселелерді талқыладық, - деді кездесу соңында Кенжеғұл Сейтжан. – Біз бұдан әрі инклюзивті орта құру бойынша жұмыс істеуге ниеттіміз.

Өңірлерге сапарлар жалғасуда. Тұрғындармен кездесу барысында Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымдарында, өндірістік және әлеуметтік нысандарда болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy