Реформа: Конституция мәтінінің 84%-ы түзетіледі

dep.jpg

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда. ҚР жаңартылған Конституциясы түпкілікті келбетіне ие болуда. Кезекті отырыстардың бірінде Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылған түзетулердің жинақталған жобасын ұсынды.

Комиссия өкілі, Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов бұл нәтижені заңды деп санайды.

– Қазірдің өзінде Конституцияны түбегейлі реформалау мәселесі көтеріліп отырғаны туралы түсінік бар, – деп атап өтті мәжілісмен. – Жұмыс жалғасуда.

Болжам бойынша түзетулер Қазақстанның Негізгі заңының 84%-на әсер етеді: 77 бап редакцияланады.

– Жалпы алғанда, жаңартылған Конституция жобасы кіріспеден, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады, – деп нақтылады Халық партиясынан сайланған депутат Ислам Сұңқар.

«Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деген екі жаңа бөлім пайда болады. Тағы төрт бөлімнің атауы өзгереді.

– Редакциялауды нақтылау жұмысы жүріп жатыр және ол жалғасады, – деп атап өтті Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова. – Өйткені, бұл жерде сөз ғана емес, әр үтір өз рөлін атқарады!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy