Бұлақ көрсең – көзін аш!

Қазақстан Халық партиясының көпшілікті жұмылдырып, сенбіліктер ұйымдастыру арқылы саябақтар мен гүлбақтарды көгалдандыру және рекреациялық аймақтарды тазартуды мақсат еткен - «Таза Өлке» экологиялық акциясы жалғасуда.

Осы мақсатта, партияның Жетісу облысындағы филиалының белсенділері Талдықорған қаласының Жеңіс саябағында, Қартал өзенінің арнасында сенбілік ұйымдастырды.

1

2

– Аталған іс-шараның мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи ресурстарды сақтау, - деп атап өтті белсенділер.

8

ҚХП Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері Жастар партиялық қанатының өкілдерімен бірлесіп «Жанұя» балалар үйі мен Балаларды түзету орталығының аумағына көшеттер отырғызды.

3

4

ҚХП Ұлытау облысындағы филиалы акция аясында Жезқазған қаласындағы № 7 мектептің еріктілерімен бірлесіп «Бұлақ көрсең - көзін аш» атты экологиялық іс-шара өткізді. Белсенділер жергілікті су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты.

5

6

– Біз жас ұрпақты қоршаған ортаның қадірін білуге, әсіресе, су ресурстарына қамқорлықпен қарап, үнемдеп жұмсауға тәрбиелегіміз келеді, - деп атап өтті партия мүшелері. - Біздің басты мақсатымыз - өскелең жастардың бойында туған елдің ертеңіне деген асқан жауапкершілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыру.

«Таза Өлке» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық іс-шаралар ұйымдастырады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy