Бюджеттік жоспарлау орнына бюджеттік клондау

dep.jpg

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Қазақстан Халық партиясының депутаттық фракциясы Үкіметтің 2023 жылға арналған бюджетті орындау жөніндегі есебін сынға алды.

ҚХП фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов жиналғандарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бюджет қаражатын ұтымды пайдалану стратегиясын еске салды. Ал бұл мәселеде бізде бәрі жаман.

– Әрбір есепті кезең бюджет тапшылығымен жабылады, ол жылдан жылға артып келеді, - деп нақтылады мәжілісмен. - Үкімет бұл тапшылықты - қарызбен жабады, бұл ретте қарыз қаражатының көлемі бюджет тапшылығының сомасынан бірнеше есе асып түседі.

Бұл ретте, Магеррамов атап өткендей, Үкімет дәстүрлі түрде келесі есептік кезеңнің соңына алдыңғыдан көп қаражат тапшылығымен келеді.

– Проблеманың ең басты мәні - Үкіметтің бюджетті тиімді жоспарлауға келгенде бұрыннан қалыптасып қалған қабілетсіздігінде жатыр, - деп түсіндірді ҚХП фракциясының басшысы.

Магеррам Магеррамов бюджет қаражатының жетіспеушілігіне қарамастан, Үкімет миллиардтаған теңге бөлінетін іс жүзінде көп қаржы талап ететін, қажеті де шамалы көптеген ұлттық жобаларды табандылықпен әзірлеп, бекітіп отырғанын атап өтті. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін осы жобалар бойынша нәтижеге қол жеткізбей, оларды мерзімінен бұрын «тоқтатады», содан кейін мақсаттары мен міндеттері ұқсас жаңа ұлттық жобаларды жариялай отырып, аты ғана өзгерген дәл ұқсас көшірмесін жасайды.

Мәжіліс депутаты нақты мысалдар келтірді. Атап айтқанда, "Сапалы білім" Білімді ұлт "ұлттық жобасы. Жоба мерзімінен бұрын аяқталып, оған 500 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды, бірақ елімізде білім берудің сапасы мен қолжетімділігі бұрынғы қалпынан еш өзгерген жоқ, ал мектептерде оқушы орындарының тапшылығы 300 мыңға жуықтады. Фракция басшысы сондай-ақ 2021 жылғы «Цифрландыру, ғылым мен инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» және 2023 жылғы «Қолжетімді интернет» жобаларын сынға алды.

– Демек, бастапқыда Үкімет технологиялық серпіліс жасап алып, содан кейін ғана қолжетімді интернет енгіземіз деп шешкен ғой, - деді М.Магеррамов мысқылмен.

ҚХП фракциясы бюджетті қалыптастыру мәселесіне түбегейлі жаңа көзқараспен қарайтын уақыт келді деп есептейді.

– Шығындардың сандық көрсеткіштерінен гөрі сапаға, тиімділікке және түпкілікті нәтижелерге назар аударған жөн, - деп мәлімдеді Магеррамов. - Біз әлі күнге дейін экономиканың стратегиялық бағыттары бойынша жедел экономикалық қайтарымды және шұғыл әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ірі кешенді бағдарламаларды көріп отырған жоқпыз.

ҚХП фракциясының депутаттары Үкіметтің есебін қолдамады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy