Жастарға кәсіби бағдар

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан Халық партиясы «Еңбек адамы» акциясын жалғастыруда. Бұл акция жастарға кәсіби бағдар беруге бағытталған. Партия өкілдері студенттер мен өз саласында табысты мансапқа жеткен кәсіпқой мамандардың кездесулерін ұйымдастырып келеді.

Атырау облыстық филиалы Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттерімен партия қатарындағы кәсіпкерлердің кездесуін өткізді. Аталған колледж заңгерлерден бастап, бағалаушылар мен кәсіби технологтарға дейінгі әртүрлі мамандарды даярлайды. Кәсіпкерлер студенттерге өз еңбек жолдары туралы баяндап, тәжірибесін бөлісті.

8

1

2

Шымкент қалалық филиалы Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің студенттеріне арналған кездесу ұйымдастырды. Бұл шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жетекші мамандары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

4

Кездесуге келген қонақтар білікті мамандарға сұраныстың жоғары екенін, жұмысшы мамандықтарының ел дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

5

– Бұл шара жастарға білім алуға жаңа серпін берді. Жұмысшы мамандықтарын дәл осылай насихаттау керек! – деді қатысушылар.

Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі медициналық, педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы 9 мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды. Қазіргі уақытта колледжде 2000-ға жуық студент білім алуда, оның 285-і – биылғы түлектер.

3


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy