Қазақстан Халық партиясы бүкіл республика бойынша «Дара Тұлға» атты мәдени-ағарту акциясын өткізіп жатыр. Акция аясында өңірлерде мәдениет қайраткерлері мен атақты азаматтардың қатысуымен іс-шаралар, сондай-ақ мұражай экскурсиялары, кітапханаларды аралау және т.б. жоспарланған.
ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы облыстың көрнекті спортшыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде су спорты түрлерінен жаттықтырушы, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы және жеңімпазы Екатерина Смирнова, армрестлингтен ардагерлер арасында 4 дүркін әлем чемпионы, 17 дүркін Азия чемпионы Мұхамедола Ағзамов және батут гимнастикасынан әлем чемпионы Роман Барков құрметті қонақ болды. Спортшылар жаңа ұрпаққа Олимпиададан алған әсерлерін, спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен спорттық жетістіктердің құпиялары туралы әңгімелеп берді.
– Кездесудің мақсаты – спортшылардың тамаша жетістіктерімен жастарды шабыттандыру, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. - Сонымен қатар, оларды өмір жолында кездесетін қиындықтардан қыңбай, түрлі сынақтардан лайықты өтуге үйрету.
Дәл осындай іс-шараны «Спорт - адамның тұлғасын дамытудың үздік дағдысы» ұранымен ҚХП Алматы қалалық филиалы да өткізді. Бұл кездесуде жастар ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлерімен жүздесті. Мұнда құрметті қонақтар тізімінде әуесқой қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ал қазір еңбек сіңірген жаттықтырушы Ермахан Ибраимов, спорт шебері, Қазақстан чемпионы, ұлттық күрестен И.Досханаұлы атындағы Әлем кубогы мен Халықаралық Гран-при иегері Рауан Алтынбек, КСРО, Қазақстан және Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, тхэквондо бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпазы, промоутер, спорттық продюсер және жаттықтырушы Станислав Ан, сондай-ақ жергілікті Фишер шахмат мектебінің негізін қалаушы, жаттықтырушы Дәурен Укин болды.
– Қазақстандық жастардың спорттың түрлі салаларындағы жетістіктері елді бүкіл әлемге танытады, - деп атап өтті кездесуге қатысушылар. - Осындай жобалардың көмегімен біз жастарды спортпен шұғылдануға, түрлі спорттық жобалар мен жарыстарға белсенді қатысуға шақырғымыз келеді.
Басқосу барысында спортшылар өз тәжірибелерін ортаға салды, сондай-ақ спорттық режимді сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы маңызды әңгімелер айтты.