Чемпионды қалай дайындауға болады?

Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар № 8 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға қатысушылар отандық спорттың болашағын талқылады.

Қазір Мәжілісте Дене шынықтыру және спорт туралы Заң жобасы қаралуда, онда отандық спортты дамытуға бағытталған көптеген нормалар бар, атап айтқанда, онда балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағыты да айтылған.

1

– Біз кәсіби спортымызды жоғары деңгейге шығару үшін жұмысты бастауыш сыныптардан бастау керек деп санаймыз, - деді Ислам Сұңқар.

Мәселе мынада, бұл деректің дәйектілігіне қарамастан, бізде балалар спортын қаржыландыруға ниет білдірушілер көп емес. Демеушілер, оның ішінде мемлекет те ересек кәсіпқойларға ақша салуды жөн көреді. Нәтижесінде қазақстандық командалар астрономиялық жалақы алатын, бірақ басқа елдердің спорт жүйесінде тәрбиеленген және оқытылған легионерлерге толы.

– Біз Қазақстан ішінде өзіміздің инфрақұрылымды құрып, өз чемпиондарымызды, соның ішінде футбол ойыншыларын да өсіру қажет деп санаймыз, - деп атап өтті ҚХП депутаты. - Бүгін біз олимпиадалық резерв мектебінің балансында тұрған жабық футбол алаңында болдық. Ол барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған, сапалы жабындысы бар, жақсы киім ауыстыратын бөлмесі және т.б. қажеттінің бәрі бар.

2

Мәселе мынада, елімізде мұндай барынша жабдықталған және қызмет көрсетілетін ойын алаңдары көп емес. Мұнда тығыз кесте бойынша УЕФА стандарттарына сай С санатындағы кәсіби жаттықтырушылар үнемі жаттығу жүргізіп отырады. Өңірлерде мұндай жағдай жоқ. Бірақ тіпті елордалық жаттықтырушылар мен стадионның қызмет көрсетуші жұмысшылары да өте төмен жалақымен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда, облыста жұмыс істейтін жаттықтырушылар туралы айтпаса да түсінікті.

– Жаттықтырушылар жалақысының аздығы - бұл жаппай проблема, - деп түйіндеді Ислам Сұңқар. - Бізде осы мәселе бойынша ұсыныстар бар, оларды біз келесі сессия барысында Үкіметпен пысықтайтын боламыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy