
ҚХП депутаты, Президент жанындағы әлеуметтік осал топ өкілдерінің құқығы жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан инклюзивті қоғам құруға арналған слётке қатысты.
Өз сөзінде депутат әріптестерінің инклюзивті күн тәртібін ілгерілету бағытындағы жұмысына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа Цифрлық кодексті әзірлеу барысында цифрлық технологиялардың қолжетімділігіне қатысты қағидаларды енгізу жөніндегі бастамаларды, креативті индустрия туралы заң жобасында инклюзивті нормаларды кеңейту қажеттігін және қолданыстағы құжаттарда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауды күшейту мәселелерін атап өтті.
Депутат-омбудсмен әріптестерімен бірге слёт аясындағы көрмені аралап, қысқа сұхбат та берді.
– Мұндай шаралар тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыру үшін өте маңызды. Инклюзивтілік – бір күндік мәселе емес, бұл жүйелі түрде жалғасатын жұмыс. Диалогқа жол ашқан қуатты алаң құрған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! – деді ол.
@halyk_partiyasy