Цифрландыру бюджет қаржысын бақылауға мүмкіндік береді

dep.jpg

Қазақстанда білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында ауқымды тексерістер жүріп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік салаға арналған Бірыңғай цифрлық платформа іске қосылғаннан кейін бірқатар заңбұзушылық анықталған. Атап айтқанда, шамамен 40 мың жағдайда азаматтармен ресми еңбек шарты жасалмаса да, олардың атына зейнетақы жарналары аударылғаны белгілі болды. Сондай-ақ «қос жұмыста істеу» деректері тіркелген: қызметкер бір өңірдегі мектепте есепте тұрып, дәл сол уақытта басқа облыстағы ұйыммен шарт жасап, зейнетақы аударымдарын алып отырған.

– Кадр жүйесін автоматтандыру мектептерге қатысты мәліметтердегі қателіктерді көрсетті: 9,6 мың білім беру ұйымында ресми тізімде жоқ 75 лауазым анықталды (мысалы, «мектепке қабылдау жөніндегі директордың орынбасары», «атқарушы директор» және т.б.). Қазір ведомство штат атауларын еркін енгізуге жол бермеу үшін Реестрді бірыңғай стандартқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп нақтылады министр.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова мұндай қадамды құптайтынын айтты.

– Цифрландыру бухгалтериядағы заңсыз әрекеттерге тосқауыл қояды. Бұл – өте дұрыс! Бұған дейін мемлекеттік секторда жұмыс істеу «ыңғайлырақ» еді: бюджет қаражатын қалай жұмсағың келсе, солай бағыттай салуға мүмкіндік болды, - деп атап өтті депутат.

Смирнова мемлекеттік ұйымдардың, соның ішінде білім беру мекемелерінің де бюджет есебінен қаржыландырылатынын еске салды.

– «Тегін» дегеннің бәрін халық төлейді, яғни әрбір салық төлеушінің қалтасынан шығады. Ал оны қалай бөлетінін әр мекеменің өзі шешеді. Нəтижесінде әртүрлі өңірде қатар «жұмыс істейтін» мұғалімдер мен тәрбиешілер пайда болады! Ойдан шығарылған қызметтерге бюджет есебінен ақша жұмсалады! – деді депутат.

Депутат жақында мектептерге енгізілген «кәсіби бағдар беру жөніндегі маман» лауазымына да күмәнмен қарайды.

– Бұл бюджетке қажетсіз шығын және педагогтерді өзіне тән емес міндеттерге жегу, – деді Смирнова.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy