ҚХП тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты бақылау шараларын бастады

«Халық үні» – Қазақстан Халық партиясының жаңа жобасы. Оның аясында ҚХП өңірлік филиалдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалалық инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында жұмыс жүргізуде.

Шығыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері Өскемен қаласындағы көшелердің жарықтандырылу жағдайына мониторинг өткізді. Әсіресе Панкратьев, Чернов, Киев көшелері мен Физкультурный, Коммунальный өткелдері сияқты жарық жеткіліксіз аймақтарға баса назар аударылды. Тексеру кезінде кей жерлерде шамдардың жанбайтыны немесе мүлде жоқ екені анықталды.

1

– Бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырып қана қоймай, түрлі оқыс жағдайлардың орын алу қаупін арттырады, – деді филиал өкілдері.

2

Сонымен қатар жоба аясында учаскелік полиция инспекторларының жұмысына да мониторинг жүргізілді. Тұрғындар арасында өткен сауалнама нәтижесінде көпшілігі учаскелік полиция пунктінің орналасқан жерін білетінімен, өз инспекторын жеке танымайтыны белгілі болды.

– Тұрғындар өз аумағындағы учаскелік инспекторды танып, кімге жүгінуге болатынын білуі үшін ақпараттық жұмысты күшейту қажет, – деп атап өтті партия мүшелері.

3

Белсенділер жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және тұрғындар мен полиция арасындағы өзара байланысты жақсарту мақсатында жинақталған есеп дайындап, тиісті мемлекеттік органдарға жолдауды жоспарлап отыр.

Осындай жұмыстар Маңғыстау облысында да ұйымдастырылды.

4

5

– Көше жарықтандыру жүйесін тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Тексеру қорытындысын талқылау үшін жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл мәселелер шешімін тапқанша партиялық бақылауда болады, – дейді партиялықтар.

6

7


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy