Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда

Қазақстан Халық партиясы азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған «Халық үні» жобасын жалғастыруда. Жоба аясында партия өкілдері өрт қауіпсіздігі, көше жарығы және полиция көмегінің қолжетімділігін тексеруде.

Ұлытау облысындағы ҚХП филиалы Жезқазған қаласының аулаларында көше жарығы бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді. Мониторингтің мақсаты – жарық аз немесе мүлдем жоқ аумақтарды, шамдар істемейтін нысандарды анықтау және тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін қараңғы учаскелерді белгілеу.

1

– Мониторинг нәтижесінде жарық шамдары жанбайтын немесе мүлде орнатылмаған орындар анықталды. Кей жерлерде жарық бағаналарының зақымданғаны белгілі болды, – деді партия өкілдері.

2

Қаладағы жол бөлігінің де жарықтандырылуы жеткіліксіз. Көріну деңгейі төмен учаскелер бар, бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін қауіп тудырады. Мониторинг барысында тротуарлар мен жаяу жүргінші өткелдерінің жағдайы да тексерілді. Барлық деректер жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

Абай облысындағы ҚХП белсенділері мен еріктілері Семей қаласының Шығыс және Бобровка полиция пункттерінде тұрғындармен кездесіп, пікір алмасты.

3

– Кездесулерде көше жарығын орнату және жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі, учаскелік инспекторлардың халықпен жұмысы секілді маңызды мәселелер талқыланды, – деді белсенділер.

Түркістан облыстық филиалы №1 және «Самал» шағын аудандарындағы жарықтандыру мен жол қауіпсіздігі мәселелерін зерделеді. Мониторинг қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.

5

– Мониторингтің негізгі мақсаты – тұрғындардың пікірін тыңдау, ұсыныстарды тиісті мекемелерге және жергілікті билікке жеткізу, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға қоғамның қатысуын арттыру, – деп атап өтті партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy