Өңірлерде жайылымдық жерлерді басқару жоспары болу керек

dep.jpg

Елімізде жайылым тапшылығының түйіні тарқамай тұр. Мал жаю орындары үнемі біреудің меншігінде немесе банктердің кепілінде болады. Пайдаланылмаған жерлер тозып, салдарынан мал шаруашылығы шығынға ұшырайды.

ҚР Парламенті «Жайылым жерлер туралы» заңды осыдан екі жыл бұрын қабылдады. Өкінішке қарай, өңірлер заң нормаларын елемейді.

– Біз, заңнамаға тиісті баптардың барлығын енгізіп, бекіткенбіз, – деп түсіндірді Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің өкілі Ислам Сұңқар. – Әрбір өңірде жайылымдық жерлерді басқару жоспары болу керек. Әрбір әкімдік оны қабылдап, жұмыс істеуі тиіс. Бірақ заң тиісінше орындалмауда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі депутаттарға жағдайды бақылауға алуға және жыл соңына дейін тиісті жоспардың әзірленуі мен қабылдануын қадағалауға, сонымен қатар жайылымдық жерлерге қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал етуге уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy