Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды ма?

dep.jpg

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Жобаны әзірлеушілер атап өткендей, бұл хаттамаға Одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген медициналық бұйымдарды айналымға шығаруды тоқтатуға байланысты, олардың импортын тоқтатуды қоса алғанда, медициналық бұйымдар тапшылығын болдырмау мақсатында қол қойылды.

– Хаттамаға сәйкес қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасының шарттары бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу құқығын беру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады, - деп атап өтті олар.

Қосымша баяндама жасаған Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашева құжатта адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар жоқ екенін айтты.

– Хаттама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында медициналық бұйымдардың айналысы саласында үйлестірілген саясат жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған, - деп қорытындылады Мәжіліс депутаттары.

Құжат Парламент Сенатының қарауына жіберілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy