ҚР Әділет министрлігі әкімшілік әділет саласын жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған заң жобасын таныстырды. Талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінде өтті.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, қоғамдық басқарудағы әкімшілік даулар сөзсіз болады және қазіргі шындық ретінде қаралады.
Жаңа заң жобасы жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын азаматтық іс жүргізу кодексінен ӘРПК-ке көшіру, мемлекеттік органдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу, Үкіметке өкілеттіктерді бекіту және әкімшілік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне әкімшілік шағым жасау тәртібін жетілдіру сияқты тағыда басқа бағыттарды көздейді. Осылайша, Әділет министрлігі мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулар ӘРПК-ін (дауларды сотқа дейін реттеу) және ҚР Үкіметі регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі Дауларды сотқа дейін шешу туралы ұсыныстарға Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов біраз сұрақтар қойды.
Мәжілісмен бұл рәсімнің міндетті сипатынан бас тартып, оны өтініш берушінің таңдауына қалдыруды ұсынды. Вице-министр халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мұндай рәсім мемлекеттік органдар жұмысының сапасын жақсартады деді. Оны Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Асылбек Мусралинов қолдады.
– Бұл әлемдік трендтер, мұнда дау сотқа дейін шешілуі керек, - деді Мусралинов. – Егер сотқа дейінгі тәртіп жойылса, онда мемлекеттік органдар арасында тәртіп орнату өте қиын болады. Заң жобасы бойынша жұмыстар жалғасын табады