Әдебиет әлеміне саяхат

Қазақстан Халық партиясы қазақ жазушысы, публицист, қазақ фольклорын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Мұхатар Мағауинді еске алуға арналған әдеби көрме өткізуде.

Абай облыстық ҚХП филиалы осындай көрмені Семей қаласындағы «Жоламан» кітапханасының бөлімшесінде ұйымдастырды. Ол біртуар әдебиетшінің өмірбаяны мен шығармашылығына арналған.

1

2

«Бүгінгі кітап көрмесі – ұлы тұлғаға деген құрметіміз. Мұхтар Мағауиннің шығармалары, оның ғылыми еңбектері мен кітаптары көптеген оқырманның жүрегінде өшпес із қалдырды», - деді филиал басшысы Айдын Егеубаев.

3

4

9

Партия мүшелері Абай атындағы облыстық кітапханада «Ұрпаққа аманат – Тәуелсіздік елдің биік қолға» атты тағы бір көрме өткізді. Бұл шара Мағауиннің 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.

5

6

«Бұл көрме бәріміз үшін Мағауиннің ойлары мен шығармашылығына терең бойлауға тамаша мүмкіндік болатынына сенімдімін. Бұл оның шығармаларын жаңа қырынан тануға және әдебиеттің өмірімізге әсер туралы ойлауға мүмкіндік береді», - деді Егеубаев.

7

Көрмеге кітапхана басшылығы, Әлихан Бөкейхан атындағы университет студенттері, БАҚ өкілдері мен белсенділер қатысты. ҚХП филиалының төрағасы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шын жүректен алғыс білдірді.

8

«Біз көрнекті классиктің шығармашылығымен байланысымыз үзілмегенін мақтан тұтамыз. Біздің міндет – оның мұрасын көздің қарашығындай сақтап, оның білімі мен идеясын келешек ұрпаққа жеткізу», - деді ол.

10

12


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy