Денсаулық сақтау министрлігінің ісі дұрыс па?

dep.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балаларға паллиативтік көмек жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобын құрады. Қазір мұндай көмек қоғамдық негізде ғана бар. Әрине, бір жағынан, мемлекеттің бұл проблемаға назар аударғаны жақсылықтың нышаны десек, ал екінші жағынан, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова атап өткендей, жұмыс тобының құрамы түсінбестік тудырып отыр.

Бұған дейін Ирина Смирнова ҚХП фракциясының депутаттық сауалында балаларға паллиативтік көмек көрсету мәселелерін көтерген болатын. Мәжілісмен бұл көмек республикада тек қағаз жүзінде ғана жүргізіліп отырғанын атап өтті. Ауыр, емделмейтін аурулармен ауыратын қазақстандық балалар өздеріне қажетті ауырсынуды жеңілдететін дәрі-дәрмекті ала алмастан азап шегеді. Елде ауырсыну синдромын тоқтататын препараттарға қолжетімділік шектелген, үйде паллиативтік көмек көрсету үшін хоспистердің, бригадалардың, тіпті қарапайым стационарлық паллиативтік төсектердің саны жеткіліксіз.

– Медициналық мекемелер көмек көрсете алмай, инкурабельді кезеңдегі науқастардан құтылуға тырысып, үйге шығарып жібереді, - деді ҚХП депутаты. - Нәтижесінде балалар мен олардың ата-аналары өздерінің азаптарымен бетпе-бет қалады.

Кішкентай пациенттерге қолдан келген қолдауды өз күштеріне қарай, өз есебінен және демеушілердің ақшасы есебінен үкіметтік емес ұйымдар ғана көрсетіп келеді. Бірақ қоғамдық қызметкерлердің мемлекеттік медицина функциясын алмастыра алмайтыны белгілі.

Қазір бұл мәселе ілгері қозғалғандай. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда балаларға паллиативтік көмекті жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарды. Бұл топ науқас сәбилерді дәрі-дәрмекпен қолдау үшін стандарттарды, тарифтерді, клиникалық хаттамаларды және басқа да қажетті заттарды әзірлеп, бекітеді.

– Алайда, осы жұмыс тобының құрамында бұрыннан осы жұмыспен айналысып келе жатқан және қазір де осы салада жұмыс істеп жүрген қоғамдық белсенділер неге жоқ екені түсініксіз? - деп таңданды депутат И.Смирнова. - Ал іс жүзінде олар не істеу керектігін және қандай шара қажет екенін өзгелерден жақсы біледі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy