Депутат әйелдерді отбасында да, саяси өмірде де белсенді болуға шақырды

dep.jpg

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумының ашылуында сөз сөйледі.

Осы ретте ҚХП депутаты Ирина Смирнова Президенттің баяндамасында айтылған негізгі мәселелер жөнінде пікір білдірді. Атап айтқанда, өңірлерді дамыту, аудан, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру, саналы ата-ана болу және әйелдердің қоғамдық өмірге белсене араласуы туралы айтылғандарға тоқталды.

Ирина Смирнова жуырда өңірлерге жұмыс сапарымен барып келді. Депутаттың айтуынша, өкінішке қарай, кейбір елді мекендердің жағдайы аса мәз емес.

«Өз ауылының мүддесін барынша жоғары қойып, шаруаға ширақ, елге жанашыр болу туралы ұстанымымды бүгін Мемлекет басшысының аузынан естіп, бұл пікірімнің расталғанына қуандым. Өйткені, бюджеттің қаншалықты тиімді жұмсалатыны мәслихат депутаттарына байланысты», - деп атап өтті депутат.

Смирнова Президент айтақн тағы бір маңызды міндет – жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру қажеттілігі деп санайды. Қазірдің өзінде бұл бағытта нақты қадамдар жасалуда. Мысалы, Парламент депутаттары Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, әрбір мәслихат депутаты мен ауыл әкімі пайдалана алатын қолданыстағы заңнамалар бойынша ақпараттық құжаттар топтамасын дайындағысы келеді.

«Сайлану бір бөлек, ал заңдарға сүйене отырып, соның көмегімен ауылды жақсартуға болатынын білу – үлкен көмек», - деді ҚХП депутаты.

Саналы тәрбие тақырыбы да Қазақстан үшін де өте өзекті. Соның ішінде отбасы жауапкершілігі мәселесі. Мәжілісмен азаматтарымыз мемлекет, мектеп алдында ғана емес, өз балаларының тәрбиесі үшін де өздеріне жауапкершілікпен қарауды үйренсе дұрыс болар еді деп есептейді.

«Мен әйелдердің шешім қабылдау деңгейіне ұмтылмайтынына немесе оларға рұқсат берілмейтініне тағы да көз жеткіздім. Бұл ретте бірінші айтқаным шындыққа көбірек жанасатын сияқты», - деді ол.

Осылайша, депутат әйелдерді отбасында да, саяси өмірде де белсенді болуға шақырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy