Депутат балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан сайлаушылармен кездесу үшін Қарағанды облысына барды. Мәжілісмен жұмыс сапары барысында Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Шараны ҚХП жергілікті филиалы ұйымдастырды.

Орталық тәулік бойы (24/7) стационар режимінде жұмыс істейді. Қазір мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 135 бала әлеуметтік қызмет (техникалық, спорттық, экономикалық және сауықтыру) алып жатыр.

1

«Біздің әлеуметтік орталықта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, зияткерлік және ақыл-ой ерекшелігі бар балалар білім алады. Орталық толығымен мемлекет тарапынан қаржыландырылады», - деді кездесуге қатысушылар.

Бүгінде мекеме барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған. Жақында Орталықтың алты ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Басты мәселе осы орталықта жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының төмендігі. Әлеуметтік қызметкер ретіндегі олардың бұл қызметі тиісті дәрежеде бағаланбайды. Бұл мәселені министрлік деңгейінде көтеруді жоспарлап отырмын», - деді депутат.

2

Кездесу қорытындысы бойынша Сейітжан Орталық директоры Дарын Әубәкіровке орталықтағы балаларға шын жүректен қамқорлық танытып отырғаны үшін алғыс білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy