Депутат Ислам Сұңқар ауыл тұрғындарымен ауылды дамыту бағдарламаларын талқылады

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Павлодар облысын аралап жүр. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Жас депутат Павлодар ауданының әкімі Иван Дычкомен 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын, сондай - ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жолдарын талқылады.

– Аграрлық комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы мәселелерді бірнеше рет талқылады, – деп атап өтті И.Сұңқар. – Осыған қатысты жұмыс орындарын құру, әлеуметтік және демалыс нысандарын салу, сондай-ақ ауылда тұрғын үйлердің іргетесын қалау бойынша нақты ұсыныс берілді. Бізге бағдарламалардың жүзеге сапалы асырылғаны маңызды.

Сапар аясында мәжілісмен Павлодар облысының Жоғары инновациялық аграрлық колледжіне барып, материалдық-техникалық базасымен танысты. Осы жерде аграрлық-өнеркәсіптік сектор мамандарын даярлау мәселесін тілге тиек етті.

– Алдағы сессияда комитет «Агроғылым – ауыл шаруашылығына» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр, – деп нақтылады мәжілісмен. – Бүгінгі кездесудің осы іс-шараға дайындық үшін маңызы зор.

Бұдан кейін И. Сұңқар аймақтың белсенді жастарымен бірнеше кездесу өткізді. Ол жастарға өзінің Парламенттегі қызметі мен Халық партиясының саяси ұстанымы туралы айтып берді.

– Біздің партия өзінің сайлауалды бағдарламасында жастарға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды, – деп атап өтті депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy