Депутат Магеррам Магеррамов Шығыс Қазақстанда азаматтарды жеке қабылдады

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдады.

Іс-шара ҚХП жергілікті филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті.

– Халықпен кері байланыс кез келген партия үшін өте маңызды, - деп атап өтті партияластар. - Өңірлерге сапар барысында сайлаушылармен тікелей қарым-қатынас жасау - біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі.

Депутатпен кездесуде аймақ тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Көбінесе, олар жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау және нотариаттық құжаттарды ресімдеу кезінде өз құқықтарының бұзылуына шағымданды. Сонымен қатар жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерін, ҚР Құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерінің жұмысын сынға алды.

Бұдан өзге өңірде көптеген әлеуметтік түйткілдер де жинақталған. Кездесуде өтініш берушілер мүгедектік пен зейнетақы ресімдеу кезіндегі бюрократияға да шағымданды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy