Ашық форматтағы диалог

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда. Сайлаушылармен кездесу үшін Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар Шымкент қаласына барды.

Іс сапар барысында парламентарий «АРТ-Құрылыс» компаниясында болып, кәсіпорынның қызметімен танысты және қызметкерлерімен әңгімелесті.

1

2

Іс-шараға қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту, азық-түлік бағасының қымбаттауы, әлеуметтік теңдік сынды тақырыптарды тілге тиек етіп, жанар-жағармайдың сатылымына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Шара шеңберінде Ислам Сұңқар өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында депутат ҚХП белсенділеріне алғыс хат табыстады.

– Бұл кездесу ашық диалогты нығайтуға, пікір алмасуға және халықпен кері байланыс орнатуға ықпал еткен мазмұнды әрі нәтижелі шара болды, – деп атап өтті Сұңқар.

3

4

5

Сонымен қатар мәжілісмен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде болды. Мұнда профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен ашық форматта кездесу өткізді.

6

7

– Кездесу барысында педагогтардың мәртебесін арттыру, білім беру сапасы және студенттердің әлеуметтік жағдайы кеңінен талқыланды, – деп қорытындылады Ислам Сұңқар. – Сондай-ақ оқу гранттарына қатысты мәселе бойынша жеке пікірталас өтті.

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy