Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның жұмысы басталды. Таяуда Комиссияның алғашқы отырысы өтті. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында отырыс Конституциялық Соттың аккаунттары арқылы тікелей эфирден көрсетілді. Комиссия құрамына Қазақстан Халық партиясы Парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов енді.

Мәжілісмен Конституциялық комиссияның отырысы бұған дейін өзі қатысқан Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің заңды жалғасы болып табылатынын айтты.

– Комиссияның бүгінгі отырысының тікелей эфирден көрсетілуін дұрыс шешім деп санаймын, – деді ҚХП фракциясының басшысы. – Мұндай тәсіл қоғамға деген сенімнің белгісін және биліктің «сүзгісіз» диалогқа дайын екенін көрсетеді.

1

Депутат Комиссия құрамын оң бағалады. Оның пікірінше, бұл реформаның мазмұнын байыта түседі: заңгерлер, қоғам белсенділері мен сарапшылар бірін-бірі толықтырады, ал Комиссия құрамында өңірлік өкілдіктің болуы ел бірлігін нығайтады. Бұл пікірді ҚХП депутаты Ирина Смирнова да қолдады. Комиссия мүшелерінің 15%-ын (негізінен басшылық құрам) орталық мемлекеттік билік өкілдері құрайды. 19% – Сенат пен Мәжіліс депутаттары, 25% – өңірлердің өкілдері, 10% – сот жүйесінің түрлі деңгейлері (Конституциялық және Жоғарғы соттардан бастап адвокаттар мен омбудсмендерге дейін). 7% – квазимемлекеттік сектор, 7% – білім және ғылым саласы, 15% – азаматтық қоғам өкілдері.

– Комиссия мемлекеттік органдардың, Парламент пен өңірлердің белсенді қатысуымен институционалдық сипатқа ие болды, – деп атап өтті депутат. – Сонымен бірге сарапшылар мен қоғамдық өкілдердің қатысуының маңызы зор. Нәтижесінде жабық бюрократиялық топ немесе жай қоғамдық форум емес, институционалдық шешім мен қоғамдық сараптама тиімділігін көрсететін және жедел түрде бірлесіп жұмыс істейтін формат қалыптасты.

ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан Конституциялық реформаның ашық процесс екенін, қоғам оның не үшін және қалай жүргізіліп жатқанын толық түсінуге құқылы екенін атап өтті.

– Бұл шешімдер тез әрі «көзбояушылық» үшін қабылданатын жағдай емес, – деп нақтылады мәжілісмен әрі омбудсмен. – Басынан әңгіме елдің болашақта қандай ережелермен өмір сүретіні туралы екені түсінікті болды. Конституция туралы әңгіме дәл осылай – сабырлы, жария және мазмұнды болуы тиіс.

Оның әріптесі, ҚХП «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Комиссияның өкілді әрі кәсіби құрамы жүктелген міндеттерді тиімді орындайды деп санайды.

– Конституция – елдің негізгі заңы, қоғам мен мемлекет арасындағы басты келісім, – деді ҚХП депутаты. – Сондықтан Комиссия жұмысының қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралардың қабылданғаны орынды деп санаймын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy