Құрметті қазақстандықтар!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Құрбан айт – рухани тазару мен игілікке бастайтын, мейірім мен жақсылықтың жаршысы болған қасиетті мейрам. Бұл мереке адамдарды бауырмалдыққа, сабыр мен шүкіршілікке үндейді. Бұл күн – мұқтаж жандарға көмектесіп, ізгі амалдар арқылы қоғамға жылылық сыйлайтын күн.

Қазақстан – түрлі дін мен мәдениет өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпконфессиялы ел. Бұл мереке – өзара құрмет пен түсіністіктің маңызын тағы бір еске салатын күн. Осы мейрам халықтар арасындағы достық пен татулықты арттырып, ынтымағымыз еселене берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен береке-бірлік тілейміз! Құрбан айтта тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болып, жүректегі ізгі ниеттеріңіз орындалсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy