Құрметті әйелдер қауымы!

dep.jpg

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер өмірді мән-мағынаға, қуанышқа, бақытқа, үміт пен болашаққа деген сенімге бөлейсіздер. Бүгінде сіздер еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсене араласып, кез келген биікті бағындыра аласыздар. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, өнеркәсіп және басқа да салалардағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз! Өз істеріңізге деген адалдықтарыңызбен, кәсібиліктеріңізбен және жауапкершіліктеріңізбен ел дамуына зор үлес қосып келесіздер. Сонымен қатар отбасының ұйытқысы болып, ұрпақ тәрбиелеп, ер азаматтарға демеу беріп, олардың жаңа жетістіктерге жетуіне шабыт сыйлайсыздар.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз! Әрбір күніңіз қуаныш пен игілікке толы болсын! Отбасыңызда береке орнап, жүректеріңіз махаббат пен мейірімге бөленсін! Арман-мақсаттарыңыз орындалып, әрдайым жақсылық пен сәттілік серік болсын!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy