
Қазақстан Халық партиясы баршаңызды еліміз үшін айрықша мәні бар, ең маңызды мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі байлығы, ал еркіндік пен отансүйгіштік – әрбір халықтың асыл құндылығы. Бүгінде Қазақстан жаңа белестерді бағындыра отырып, заман талабына сай жаңғырып келеді. Сонымен қатар елдің бұрыннан қалыптасқан жетістіктерін – этносаралық татулықты, демократиялық бағдарды және көпвекторлы сыртқы саясатты берік сақтап келеді.
Егемендік жылдарында тәуелсіз республикамыз елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде біз келешекке сеніммен қараймыз. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы – ортақ мақтанышымыз. Бейбітшілік пен келісім қоғам тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Әрбір азаматтың игілігін көздейтін стратегиялық бағытты нық ұстанып келеміз.
Осы мерейлі күні Қазақстан Халық партиясы атынан барша Қазақстан азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз. Саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда жаңа жетістіктерге жетуге тілектеспіз. Республикамыз гүлдене берсін! Ортақ шаңырағымыз Алатаудың асқар шыңдарындай берік болсын! «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Тәуелсіз Қазақстан нағыз Әділетті Қазақстанға айналсын!
Қазақстан Халық партиясы
@halyk_partiyasy