Құрметті отандастар!

dep.jpeg

Қазақстан Халық партиясы атынан баршаңызды еліміздегі ең маңызды мерекелердің бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл – Ата Заңымыз үшін айтулы жыл. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданып, тәуелсіз еліміздің тағдырын айқындаған тарихи шешім жасалды. Бұл – халқымыздың бірлігі мен сенімінің, елдігіміздің айқын дәлелі болды.

Бүгінде біз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Басты мақсатымыз – ортақ Отанымыздың өркендеу жолын айқындау. Біз мұны жүзеге асыра алатынымызға сенімдіміз және қасиетті аманатты болашақ ұрпаққа абыроймен табыстаймыз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілейміз! Аспанымыз әрдайым ашық болсын! Еліміз тұрақты өркендеп, жаңа саяси-экономикалық табыстарға жете бергей!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy