Достық деген басталады күлкіден…

Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы «Қайырымдылық керуені» акциясына қатысты. Филиал белсенділері Кенжекөл ауылында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Күлкі күнін» ұйымдастырды.

Партиялықтар мерекені Павлодар облысындағы ең танымал «AmadeuS» аниматорлар тобымен бірлесіп ұйымдастырды. Мереке көңілді, әрі ұмытылмастай болды.

1

Жарқыраған әдемі костюм киген кәсіби аниматорлар 65 ұл мен қызға ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Мұнда флешмобтар, байқаулар мен бұқаралық ойындар ойналды. Күлкі мен қуанышқа толы көңіл-күй барлық қатысушылар үшін ең үздік марапатқа айналды.

2

Мереке соңында балалар ауылының директоры Айжан Шамғалиева партияның Павлодар облыстық филиалына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын айтып, алдағы барлық мақсаттарға жетуіне тілеулестігін білдірді.

Қазақстан Халық партиясының «Қайырымдылық керуені» акциясы қызу жүріп жатыр. Облыстық партия филиалдары өңірлерде қоғамдық, білім беру және демалыс сипатындағы түрлі іс-шаралар өткізуде.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy