Жаңа заңнамалық түзетулер енгізілгеннен кейін көлік құралдарын басқаруды оқыту орындары мен арнайы ХҚКО-ларда оқытуды, құжат беруді және көлік құралдарын тіркеуді қажет ететін мопедтердің ағыны қаптап кетпей ме? Мәселе әлі де ашық күйде қалуда.
Мәжіліс бірінші оқылымда «Жол қозғалысы туралы» заңға көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады. Жаңа нормаларға сәйкес, мопедтерді басқару үшін қазақстандықтарға келісілген мерзімде тіркеу мен жеке «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу, жыл сайынғы техникалық тексеруден өту, сондай-ақ міндетті сақтандыруды ресімдеу қажет болады. Бірнеше жыл бұрын мемлекет азаматтарды тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеуді енгізген кездегідей, жақын арада осы мәселе бойынша дүрлігу туындауы мүмкін.
– Егер барлық жүргізушілер бір мезгілде құжат алуға баратын болса, автомектептер мен арнайы ХҚКО-лар жағдайды ретей ала ма? - деп сұрады ІІМ өкілдерінен Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ислам Сұңқар.
ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха мәселе уақтылы шешілмесе де, табысты шешіледі деп болжады.
– Жүргізуші куәліктеріне қатысты да, тіркеуге қатысты да, менің түсінуімше, мерзімдер ұзартылатын болады, - деп мәлімдеді вице-министр.