Мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Балжан Досмұхамбетова жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды.
Елімізде бұл құрметті белгі экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім беруді дамыту, сондай-ақ қоғамдық қызметі мен азаматтық белсенділік бойынша ерен еңбек сіңірген азаматтарға беріледі.
Осындай жоғары марапатқа ие болған Балжан Досмұхамбетова барша әріптесіне, пікірлестеріне көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен алғысын білдірді.
⠀
«Мен мұндай марапатқа сіздердің қолдауларыңыздың арқасында ие болып отырмын. Бұл біздің бірлескен іс-әрекетіміздің нәтижесі!», - деп ағынан жарылды филиал басшысы Балжан Досмұхамбетова.
ҚХП-дағы әріптестер өз тарапынан Балжан Ибатқызына еңбекте табысты болуын және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында биік шыңдарды бағындыруына тілектес екенін жеткізді.