«Қазпрофметалл» Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия саласы қызметкерлері кәсіподағының жетекшісі Асылбек Нұралин Қазақстан Халық партиясының атынан Мәжіліс депутаты болды. Партия мүшесі ротация нәтижесінде депутаттық мандатқа ие болды, ол ҚХП депутаты Гаухар Танашеваның орнына келді.
Сәрсенбі күні жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты ант қабылдап, төменгі палатананың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі атанды.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, депутат ретінде маған жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді Нұралин.
Кейін Мәжіліс кулуарында депутат өзіне сенім белдіргені үшін партияға шын жүректен алғыс айтып, партия бағдарламасын кеңінен насихаттауға барын салатынын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру жоспарланып отыр.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады, бұл біздің жұмысымызға септігін тигізеді, – деп есептейді Нұралин.
Мәжілісмен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қажет екеніне мысал ретінде Еңбек кодексінің «қызметкерлердің өкілдері» деген өте түсініксіз терминді қамтитын 20-бабын келтірді. Өкінішке қарай, бүгінде жұмыс берушілер бұл ережені өз пайдасына қолданып жүр.
«Қызметкерлер өкілі» - бұл нақты мәртебесі жоқ кең ауқымды ұғым, сондықтан көптеген жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады. Олар кәсіподақтармен байланысы жоқ және компанияның нұсқауларын орындайтын өз менеджерін/өкілін/заңгерін тағайындайды, бұл түбегейлі қате әрі зиянды бәсекелестік туындатады», - дейді депутат.
Жалпы өндірісте жарақат алған жұмысшылардың, регрестердің және т.б. құқықтарына қатысты мұндай даулы мәселелер көп. Мәжілісмен оларды депутаттық сауалдар мен нормативтік-құқықтық түзетулер арқылы реттеуді көздеп отыр. Нақты сектор өкілдерімен кері байланыс та қарастырылған – «Қазпрофметалл» компаниясында 130 мың кәсіподақ мүшесі, 250 филиалы бар және көмір өндірушілердің, машина жасаушылардың, мұнайшылардың және т.б. ұқсас ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта.
Бұған дейін айтқандай, ҚХП партиясының парламенттік фракциясындағы депутаттық мандаттардың бірі ротацияланды. Нәтижесінде Гаухар Танашеваның орнына депутат болып Асылбек Нұралин тағайындалды. Ол бірнеше жыл тау-кен инспекциясында жұмыс істеген, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіподақ комитетінде басшылық қызметтерді атқарған және «Қазпрофметалл» кен-металлургия салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланып, бүгінде осы қызметті абыроймен атқарып келеді. Басшылық қызметте 10 жылдан астам тәжірибесі бар.