Жұмысшы мамандықтары жылына орай Қазақстан Халық партиясы Еңбек адамын қолдау акциясын бастады. Партияның облыстық филиалдары еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, ерекше көзге түскен жандарға Құттықтау хаттар табыстауда.
ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС еңбек ұжымына осындай құттықтау хатпен марапаттап, салтанатты шара өткізді.
«Кәсіпорын өңіріміз үшін маңызды тапсырманы орындап отыр. Ұжым Петропавл қаласын сумен қамтамасыз етеді», - деді партиялықтар.
Кездесу барысында партия өкілдері еңбек ұжымына 2024 жылғы алапат су тасқынынан кейін су құбыры жүйесін қалпына келтіруге қосқан ерекше үлесі үшін, су сору нысандарындағы апаттарды жою мен қайта құрудағы орасан зор еңбегі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ҚХП өкілдері жұмысшыларға электрлі термопот сыйлады. Кәсіпорын басшылығы өз тарапынан қызметкерлердің жемісті еңбегіне тоқталып, жыл қорытындысы бойынша үздік дәнекерлеуші мен су тазарту және кәріз құрылыстарының үздік қызметкерлеріне мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етті.
ҚХП Қостанай облыстық филиалы ТЧЭ-20 Қостанай эксплуатациялық локомотив депосының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды. Партиялықтар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін ұсталарға алғыст білдірді.
Партияның Абай облыстық филиалы Семей қаласында орналасқан «Сәт Транс» ЖШС-де болды. Кәсіпорын құрама темірбетон және темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын шығарумен айналысады. Сондай-ақ ЖШС қызметкерлеріне де құттықтау хат табысталып, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтылды.