Дүниежүзіндегі қазақ жастары Түркістанда бас қосты

Республика күні қарсаңында Түркістан қаласында орналасқан «Ұлы Дала Елі» орталығында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жасампаз жас қазақ» атты халықаралық этникалық жастар форумы өтті. Оған Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан және Түркия елдерінен келген жас қазақ көшбасшылары қатысты. Іс-шараға ҚХП өкілдері де белсенді түрде атсалысты.

– Форумның негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ жастарының бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, білім мен даму мүмкіндіктерін кеңейту, – деді ұйымдастырушылар.

1

Бағдарлама аясында ҚХП Орталық аппаратының Сараптама және халықаралық байланыстар бөлімінің бас сарапшысы, спикер Насихат Смайл қатысушыларға Қазақстанда қандастарға арналған білім алу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Ол республикада 4%-дық мемлекеттік квота бойынша тегін оқу, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің халықаралық шәкіртақылық бағдарламалары, дайындық бөлімдері мен тіл курстары, сондай-ақ «қандас» мәртебесін алу және құжат рәсімдеу тәртібі туралы айтып өтті.

2

– Қазақстан Халық партиясы – әділетті қоғам мен баршаға тең мүмкіндікті қолдайды! – деп түйіндеді сөзін Насихат Смайл.

3

Форум қатысушылары ҚХП-ның жастарды, қандастарды қолдауға және білім саласын дамытуға бағытталған нақты бастамаларын жоғары бағалады.

4

– Форум достық пен бірлік рухында өтті. Бір қандастың жетістігі – бүкіл ұлттың жеңісі! – деді қатысушылар.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy