Киберқылмысқа қарсы бірлескен күрес

Қазақстан Халық партиясының өкілдері құқық қорғау органдары және азаматтық қоғаммен бірлесе отырып кибералаяқтықпен күресуге кірісті. Партияның аймақтық филиалдары ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, интернет-қылмыстарға қарсы бірлесіп әрекет ету және олардың құрбандарына көмек көрсету мақсатында жұмыс істемек.

– Меморандумға қол қою – бұл зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін жаңа механизмнің іске қосылуын білдіреді. Механизм құқықтық көмек көрсетуді, сондай-ақ ескерту және алдын алу шараларын қабылдауды қамтиды, – деді партиялықтар.

1

Алайда көмек тек құқықтық кеңестермен шектелмейді. ҚХП Павлодар облыстық филиалы Психологиялық қолдау өңірлік орталығымен меморандумға қол қойды.

2

– Ынтымақтастықтың мақсаты – әлеуметтік жағынан осал топтарға, әсіресе интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету үшін күш біріктіру.Біз бұл серіктестіктің қоғамдағы көмекке мұқтаж адамдардың өмір сапасын жақсартуда маңызды қадам боларына сенімдіміз, – деп нақтылады павлодарлықтар.

Сондай-ақ, филиал адвокат Павлодар облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі Әсия Әлімовамен тағы бір меморандумға қол қойды.

3

– Біз «Қоғамдық қабылдау» жобасы аясында интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға тегін заңнамалық және ұйымдастыру көмегін көрсету үшін күш біріктіріп отырмыз, – деп түсіндірді партия өкілдері.

Жалпы жұмыс жоспары – зардап шеккендерге құқықтық кеңестер беру, құқық қорғау органдарына өтініштерді рәсімдеуге көмек көрсету, соттарда зардап шеккендердің мүддесін қорғау және азаматтардың құқықтық сауатын және цифрлық қауіпсіздігін арттыру.

– Біз бірлескен күш-жігеріміз көптеген қазақстандыққа әділеттілікті қалпына келтіруге және интернет алаяқтардан қорғауға көмектесетініне сенімдіміз, – деп мәлімдеді меморандумға қол қойғандар.

ҚХП Атырау облыстық филиалы облыстық Полиция департаменті мен «AZP» заңгерлер кеңесі палатасымен меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастық аясында азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғау үшін оқу-ағарту шараларын өткізу жоспарлануда.

4


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy